Перейти в канал

Новости Из Казахстана

1
| Переслано из: Zakon.kz_kaz | Байзақ ауданының әкімі жарылыс кезіндегі бір сыбысқа қатысты түсінік берді Жарылыс болған жерге жақын Байзақ, Отамойнақ, Базарбай деген ауылдарда кейбір адамдар өз бетімен үйін тастап қашқандығы туралы ел аузында дақпырт жүр. Мұны Байзақ ауданының әкімі жоққа шығарды. Оның айтуынша, бұл дабыра жұрттың алып-қашпа сөзі. «Төтенше жағдай орын алған аумақта үш елді-мекен бар. Қайнар елді-мекенінен 17 үй бар, ондағы 85 адамды түгелдей түндегі қабылданған шаралардың арқасында қаладағы №5 мектепке жеткіздік. Адам шығыны жоқ. Таңертеңнен бастап эвакуацияладық. Адамдар үйін тастап, бас сауғалап қашты деген болған жоқ. Бәрі үйінде болды. Бұл елдің артық әңгімесі», - дейді ол. Бақыт Алпысбайұлының айтуынша, ауылда бүлінген заттар қазір қалпына келтіріліп жатыр. «Жарылыс болған жерге жақын екі елді-мекенде, Жібек жолы ауылында 13 үйдің терезесі сынған. Қазір олар қалпына келтіріліп жатыр. Басқа, анау айтқандай шығын жоқ», - дейді ол. t.me/zakonkz_kaz